Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, 47 жастағы әйелмен қарым-қатынас жасағандардың бәрі анықталып, түгелдей оқшауланыпты.
«Атырауда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 23-ке жетті. Инфекциялық стационарда – 23 науқас, провизорлық стационарда – 17, карантиндік стационарда 173 адам жатыр. Сонымен бірге 925 адам үй карантиніне оқшауланды» деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жұмасат ҒАЗИЗ
Атырау облысы